Абай Бегей шетелдік әншілерге қыруар қаржы төлейтін той иелеріне ренжіп қалды
Той – әншілердің негізгі табыс көзі. Бүгінде өнер иелері тойсыз күнін көре алмайды. Алайда кейбір той иелері қазақстандық емес, шетелдік әншілерді шақырғанды жөн көреді. Бұл жайт отандық әншілердің шамына тиіп отыр. Айтуларынша, ресейлік бір әншіге төленетін соммаға қазақстандық 5-6 әншінің қаламақысын өтеуге болады.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Басковты көп көрем, тамада болған кезде 5-6 рет көрдім. Меладзе соңғы кезде 3 рет келіп кетті. Тимати келеді, біраз әншілер келеді. Тек қана Ресейден емес, Өзбекстаннан “Ялла”, Юлдуз Усманова келеді. Ал біздің Қазақстанның әншілері шетелге тойға, концертке бара алмайды. Тіпті, Ресейге де бара алмайды. Көп болса Қытайға, Өзбекстанның шет жағына барып келетін шығармыз. Одан әрі аса алмаймыз. Себебі қазақтың әндері ол жақта тыңдалмайды”, – деген Абай Бегей шетелдік әншілерге миллиондап ақша төлейтін той иелеріне ренішін жеткізді.
Әріптесінің сөзін әнші Нұрлан Албан да қоштай түсті.
“Алыс-жақын шетелдегі әншілерді шақырып жататыны өтірік емес. Десек те бір әттеген-ай бар, сол шетелден келіп жатқан әншінің алып жатқан сыйақысы қаншалықты жоғары деңгейде?! Ал шынтуайтына келгенде сол ақшаға шетелдік әншілерді шақырмай-ақ, біздің алдыңғы толқын, бізге жол бастап жүрген ағаларымыз бен апаларымызға бөліп берсе, ешкімнің реніші болмайтын еді. Егер де менің ақшам көп болса, тегін емес, жалынып, жалпайып, Бибігүл апайымызды миллион, миллиард беріп, тойға шақырар едім. Қаражатым көп болса, “Дос-Мұқасанды”, Нұрғали ағамды, Ескендір ағамды қалдырмас едім. Роза, Майра апаларымды, Мақпал жеңгелерімді шақырар едім. Сол тойдың басы-қасында жүріп, менің ішім ашитыны рас”, – деп атап өтті Нұрлан Албан.
Алайда Айқын қазақстандық әншілердің гонорары аудиториясына сай деп, өнердегі ағаларымен келіспейтінін жеткізді.
“Енді олардың аудиториясы 100 миллион, 200 миллион. Онымен салыстырғанда бізде 15 миллион, тіптен салыстыруға келмейді. Сондықтан оған еш ренжудің қажеті жоқ. Бізде гонорардың бағасы конкуренцияға байланысты қойылады. Басқа әншілерде қалай болса, соған қарап қоясың”, – деп атап өтті ол.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Әлқожа жасы 40-қа жақындағанда диплом алды
Интернатта өскен Мақпал Жүнісова онда көрген қорлығын ұмыта алмай жүр
Қайрат Нұртас өзін “тексіз” деп айыптаған жігітті орнына қойды
Тәуекел Мүсілім өзіне берілген оқу грантын мұқтаж жанға сыйға тартты (фото)