Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей: Қазір халық ән тыңдамайды, бір жеріңді ашып қойсаң ғана назар аударады

Әнші Абай Бегей осыдан бес жыл бұрын хит болған «Аспанға қараймын» әнінен кейін 50-ден астам ән жазыпты. Бірақ, хит жаза алмапты. Бұл туралы белгілі әнші Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Абай Бегей

Олардың ішінде:«Жүрегің он сегізде», «Бағалайық», «Заман-ай», «Аңсағаным», «Мамырдың 25-інде», «Іздеймін сені» сынды елуден астам ән жазыпты. Алайда, бірде-біреуі хит болмапты. Тіпті, кейбір әндерінің аранжировкасын «Аспанға қараймынға» ұқсатқанын да жасырмайды. Бірақ, ешқайсысы халықтың көңілінен шықпаған. Бұған әншінің өз уәжі бар. 

«Қазір халық ән тыңдамайды. Тек бір жеріңді ашып қойсаң, соған мән беретін дәрежеге жетті. Бұл өте өкінішті», - дейді Абай Бегей.     

Хит ән жазу үшін әнші барын салыпты. Айлап, жылдап студиядан шықпаған кездері болыпты.

«Студияда көп уақытымды өткіздім. Хит жаза алмадым. Қазір енді қызым Сымбатты ән әлеміне жетектеп жүрмін. Жақында «Әке мен қыз» деген әнді шығардық. Бүгінгі таңда үлкен жобаларға, концерттерге шақырту алып жатырмыз. Менің мақсатым - қызыма мүлдем фонограммамен ән айтқызбау. Кез келген концертте жанды дауыста ән айтқаны дұрыс, содан кейін тойға шығармайын деп отырмын», - дейді белгілі әнші.

Әнші өнерге қосқан үлесім болсын деп жақсы-жақсы әндер таңдауға тырысып жүр екен. 


Тағы оқыңыз: Абай Бегейдің жас келіншегі әншінің алғашқы жарын еске алғанда көз жасын тыя алмады

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау