Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым (фото)

Абай Бегей бірінші әйелін тастап, екіншісіне үйленетін еркектерге «әйеліңді тірі кезінде бағала» деп ақыл айтты. Stan.kz тілшісіне 19 жасында үйленген Абай Бегей әйелін әлі күнге дейін сағынатынын айтады.

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым

Күлкісі мен еркелігін есіне түсіргенде өзін қояр жер таппайтын көрінеді. Сондықтан да, балалары мен әйелінің махаббаты мен сезімін, көңілін құрбан етіп, жас қызға кететін ер азаматтарды түсінбейтінін ашық айтты.

 

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым

«Енді өзімнің басымнан өткен жағдайды айтып берейін ия. Мысалы, мен ерте жастан үйлендім, 19 жаста болдым.

Келіншегім 17 жаста еді. Біраз жыл бірге тұрдық. Мысалға мен әйелімнің қадірін білмедім. Қайтыс болғаннан кейін әйелімнің қадірін біле бастадым. Сол себепті үш баласын тастап кетіп жатыр деген екінші әйел алып жатыр дегенді естігенде мен кәдімгідей жүрегім ауырады.

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым

«Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дейді. Біз әйелдерімізді тірі кезде құрметтеуіміз керек. Олар өліп қалғаннан кейін құрметтеп еске алып қанша сағынайық, жылайық ол орнына қайтып келмейді.

Сол себепті мен ер азаматтарға айтарым әйелдің қадірін біліңіздер себебі, әйел- ана, әйел -қарындас. Түсінген адамға әр шаңырақтың берекесі. Қасыңыздағы жарларығңызды тірі кезінде аялай біліңіздер»,- дейді Абай Бегей. Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым

Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым

Әншінің биылғы туған күні ораза айымен тұспа тұс келген соң, жақындары мен достарына дастархан жайып, ауыз ашар беріп, жолдасына құран бағыштады.


Оқи отырыңыз >>>

Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Талқылау