Абай Бегей әріптестерінің пәтерден-пәтерге көшіп қиналып жүргендерін айтты
Абай Бегей әншіліктен бөлек, продюсерлікті қолға алмақ. Ол жуырда ауылдық таланттардың танылуына көмектесетін продюсерлік орталық ашпақ. Мұнымен қатар, ол көптеген жас өнерпаздардың үйсіз, пәтер жалдап қиналып жүргендерін айтты.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Алла қаласы, осы немесе келесі жылы продюсерлік орталық ашқым келіп отыр. Соны жақсылап қолға алып жатырмын. Басқа қалаларда, аудандар мен ауылдарда жүрген талантты жастардың танылуына себепші болмақпын. Өзімнің үлкен сахнаға келуіме Лұқпан Жолдасов пен әріптесім Нұрлан Еспанов көмектескен болатын. Сол сияқты мен де өзгелерге қол ұшын созбақпын. Бізде көп өнерпазда әлі күнге дейін үй жоқ. Олардың кімдер екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ, 10-15 жылдан бері пәтер жалдап жүргендері анық. Мен де 2012 жылға дейін пәтер жалдап келдім. Одан кейін үйімді сатып, тағы жаңасын алдым», – дейді Абай Бегей.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың қытайлық жанкүйерлері Ақтөбеге баруға дайындалып жатыр
Тұрсынбектің әйелі президент ішкен суды ішіп алды
Ғаділбек: Ата-анаңның разылығын алсаң, Алла жолыңды өзі ашады
Ернар Айдардың бозбала шақтағы суреттері жұртты сүйсіндірді (фото)