Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай ауылындағы зорланған жеткіншектің ісі: Ата-анасы жасырынып тұрып, видеоға түсіріп алған

Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмаған балаға зорлық көрсетті деп күдіктеліп отыр. Алайда күдікті әлі де бостандықта.

2018 жылы Абай ауылындағы 22 жастағы баланың зорлық құрбаны болғаны туралы жазған едік, деп жазады Sputnik.

Ол 16 жасынан бастап зорлыққа шыдап келгенін айтты. Айтуынша, полицейлер зорлық көрсеткен. Алғашқы зорлау оқиғасы 2012 жылы наурызда болған.

Осыдан соң балаға адвокат Айман Омарова көмектеспек болады. Айтуынша, қолда бар аудио мен видеотаспаларға қарамастан полиция күдіктілерді қамауға алуға асықпайтын секілді. 2015 жылы балаың ата-анасы зорлаушыларды видеоға түсіріп алған екен.

“Видеода Ержан есімді екінші зорлықшы бар. 2015 жылы Ержан жжас жігітпен кездесудің жолын іздеп жүреді. Бір күні жігіт кездесуге келіседі. Ол жерге ата-анасымен барады. Ата-анасы көрші бөлмеге жасырынып қалады. Бірнеше уақыттан соң оқиғаны видеоға түсіреді. Видеода күдікті есімін атап, ол жерде не істеп жатқанын айтады”, – дейді адвокат.

Полицияда бірінші зорлаушы полицейдің қылмысқа қатысы бары туралы таспа бар. Екінші күдікті сөз барысында кінәсін мойындады. Бәрі құқық қорғау органына берілді.

Облыстық полиция департаментінде бір күдіктінің полицей болғанын, қазір жұмыстан шығып кеткенін айтты.

“Осы мәліметтер бар бола тұра облыстық полиция тергеуші ретінде ешқандай шара қолданған жоқ. Екеуі де бостандықта. Жәбірленуші соңына дейін барады”, – дейді адвокат.

Бұл іс тергеуге 2015 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Полицияда аталған істің жарияланбайтынын айтты. Заңды шешім тергеу аяқталған соң қабылданады.

2018 жылы наурыз айында қоғам 7 жасар баланың зорлану оқиғасын қызу талқылаған еді. 2019 жылдың 10 қаңтарында кәмілетке толмаған айыпталушы жеткіншекке сот үкімі шықты. Ол 7 жылға сотталды. Педагогикалық қызмет атқару құқығынан айырылды. Кәмілетке толмағандармен жұмыс істей алмайтын болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр