Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай ауылындағы баланың зорлану оқиғасы: Зорлаушы жеткіншекке сот үкім кесті 

Шымкентте Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорлану оқиғасына қатысты сот шешімі шықты.

Оқиғаға қатысты сот отырысы аяқталды. Сот Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық режимде өтті, деп жазады Sputnik.

“Айыпталушы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта тәртіптегі мекемеде өтейді”, – деді төреші Самидин Темірғалиев.

Сот үкімін оқыған уақытта айыпталушының анасы өзін нашар сезіне бастады. Айыпталушының адвокатының айтуынша, олар үкімге қарсы шағым түсіреді.

Сотта жәбірленуші тараптан баланың анасы мен әжесі ғана болды. Баланың өзін сотқа әкелген жоқ.

Зорлады деп айыпталып жатқан кәмілетке толмаған жеткіншек сотқа қатысты. Екі жақ та тілшілерге жауап беруден бас тартты.

Айта кетейік, оқиға Сарыағаш ауданы Абай ауылында болған еді. Баланың зорлану оқиғасы қоғамдық дауға айналып үлгерді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау