Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай ауданында су басу қаупіне байланысты Бейбітшілік аралынан адамдар эвакуацияланды

Абай ауданында түнде Бейбітшілік елді мекеніндегі тұрғын үйлерді су басу қаупіне байланысты адамдар мен малдар эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейбітшілік аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдармен және 68303 әскери бөлімімен бірлесіп 21 қаңтарға қараған түні бөгет салып, өзен арнасына су ағызу үшін жол ашқан.

"Өзен арнасына 5850 текше метр су айдалды Түнде Бәбітшілік аралынан 11 адам (жеті ересек, үш бала) Семей қонақүйіне орналастырылды. Малдар қауіпсіз жерге шығарылды. Эвакуацияланғандар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қазіргі уақытта адамдар үйлеріне қайта оралып жатыр", - делінген хабарламада.

Әкімдік су деңгейі төмендеп жатқаны, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ екенін жеткізді. Қауіпті аймақтар мен су деңгейі сағат сайын бақыланады. Өлшеу екі сағат сайын жүргізілетіні де айтыла кетті. 



Еске салсақ, Ертістің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Абай облысындағы елді мекендерді су басу қаупі төнгенін хабарлаған едік.

Талқылау