Абай Асылхан туған күнінде жарына ерекше тосынсый жасады
Абай Асылхан жары Жанель Мақажанның туған күнінен ерекше тосынсый жасады. Қуанышқа оның достары, жақындары қатысты.
Абай Асылхан жарына деген ерекше сезімін тағы да көпшілік алдында білдірді. Актрисаның 35 жасқа толған туған күнімен құттықтады.
“Бүгін жаным 3 жасқа және 5 айға толды. Мен оны солай ерелеттім. Ертең жасымыз келгенде еске алатын дүние болсын деп бұл күнге ерекше дайындалдым. Туған күніңмен, жаным. Мен сені жақсы көрем”, – деді Абай Асылхан.
Бұған дейін актер өзінен 8 жас үлкен Жанель Мақажанға сезімін білдіріп, қолын ұсынған еді. Екі ұлдың анасы Абай Асылханға деген сезімінің шынайы екенін айтып, бас қосты. Жақында шаңырағында сәби күтіп жүргенін айтып, сүйінші сұрады.
“Машалла керемет Алла ұзақ ғұмыр берсін отбасыларына”, “Бақытты болыңыздар, мен үшін ең әдемі жұп”, “Қандай күшті, көзің тоймай қарай бергін келеді... Бақытты болыңыздар”, “Абайға басымды иемін, сөз жоқ. Алла тіл көзден сақтасыншы”, “Жылағым келіп кетті ғой, мен сияқты жылауық Жанель. Бақытты болыңдар, жұптарың жазылмасын”, деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Жанельдің сүйіктісі – актер Абай Асылхан, өзінен 8 жасқа кіші. Ол Жанельдің жасына және екі баласының барына қарамастан, оны жан-тәнімен сүйетінін айтқан еді. Ол Жанельге үйлену туралы ұсынысты маусым айында жасаған.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
