Абаттандыру және ландшафт дизайны: Алматыдағы Әуезов ауданы тұрғындарының ең танымал идеялары аталды
Алматыда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында қаланы жақсарту және дамыту бойынша идеялар мен өтініштер қабылданып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ең танымал жобалар абаттандыру және ландшафт дизайны бойынша болған. Бұдан кейінгі орында үй жануарларын серуендетуге арналған аймақ жасау бойынша өтініштер тұр.
"Бізде иттерді ұнататын адамдар өте көп. Бірақ оларда серуендеуге арналған орын жоқ. Тұрғындар жануарларын серуенге шығаратын жасыл орындар бар, алайда бұл жерде азаматтар балаларымен бірге жүреді. Бұл тұрғындар арасында жанжал тудырады. Аталмыш мәселені шешу үшін бізде иттерді серуенге алып шығуға болатын бірнеше аймақ жасақталды", – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.
Алматыда 2022 жылдың 1 маусымынан бастап "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жобаларды қабылдау басталды. Бұл ұсыныстарды 2023 жылы іске асыру жоспарланған.
Өтінішті 20 шілдеге дейін budget.open-almaty.kz сайты арқылы беруге болады. Бір жобаның максималды бағасы 61,2 миллион теңгеден аспауы керек.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
