Абай Бегейдің блогер қызы хиджабын шешті

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы, блогер Сымбат Абайқызы орамалын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің жеке өміріне қатысты жаңалықты оның енесі Ақмарал Қонақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан. Сондай-ақ Сымбат Абайқызы Ақтаудағы киім дүкендерінің бірінің парақшасында жарияланған видеода көзге түсті. Кадрлардан оның орамалсыз жүргенін анық байқауға болады.
Оның орамалсыз видеоларын әпкесі Ерке Абайқызы да өз парақшасына жүктеген.
Өнер иесінің қызына қатысты бұл жаңалық желіде екіұдай пікір қалыптастырды. Бір тарап оны хиджабты ойыншыққа айналдырды деп сынады.
“Орамалды қор қылды-ау”, “Қалай осынша жеңілтек болуға болады, бәрі шетінен шешіп жатыр”, “Бұларға орамал, намаз ойыншық болды-ау”, – деп жазған олар.
Ал екінші тарап мұны әркімнің жеке таңдауы деп бағалап жатыр.
“Жас өмірін тұмшаламай, орамалсыз жүргені дұрыс”, “Қандай шатақтарыңыз бар? Өздері жауап береді ғой”, “Өте әдемі болып тұрсың. Иманың жүрегіңде болсын. Адамдар айта береді. Өзіңнің жүрегің нені қалайды, соны жаса”, “Орамалын шешсе, өз еркі. Сендер айтасыңдар да, қоясыңдар. Өзі біледі, әлі жас қыз, өмірі алда”, – деп жазды олар.
ОқыңызАйта кетейік, 16 жасында тұрмысқа шығып, жүкті болған Абай Бегейдің қызы Сымбат халықтан сөз естіген еді. Ол жүктіліне қатысты жазба жариялаған, ал желі қолданушылары ішін ұстап фотоға түскенін қатаң сынады.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты