Абай Бегейдің қызы сүйінші жаңалығын бөлісті

Фото: https://www.instagram.com/symbatabaikyzy
Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы алғаш рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
“Сүйінші! Бүгін өміріміздің ең тәтті үні естіліп, жер бетіне менің кішкентай ханзадам келді. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, әншінің қызы ұлды болды.
Еске салайық, Сымбат былтыр тамызда 16 жасында тұрмысқа шыққан еді. Кейінірек жүкті болған Абай Бегейдің қызы тағы да халықтан сөз естіді.
Блогер Сымбат Абайқызы жүктіліне қатысты жазба жариялаған еді. Желі қолданушылары ішін ұстап фотоға түскенін қатаң сынады.
“Жүктілікті бұрын жасыратын еді. Тіл көзден сақтайтын. Қазір әкелерінен ұялмайды. Мақтанышпен салады”, “Ақша үшін не істемейді”, “Сабағын оқып, жап-жас болып жүретін қыз, екіқабат болып жүр”, “Медицина саласында оқып жатыр”, “Туатын әйелдің басына білім қона ма?!”, “Әкесін жерге қаратып жүрген қыз ғой”, – деп жазды көпшілік.
Сондай-ақ Абай Бегейдің қызы дүниеге келмеген баласына бесік алып қойған еді.