Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақбота-Нұр жолда қалды": Гүлмира Ізбасханова жаңа образын көрсетті

Желіде анасымен бірге ән салып танылған ерекше дауыс иесі Гүлмира Ізбасханова көйлек киіп, сахналық образын өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші жеке парақшасына Стамбұл қаласынан видео жүктеді. 

“Кім айтты сіздерге Гүлмира көйлек кимейді деп. Осы образ жасауыма 100 мың теңгеден астам ақша кетті. Кімге ұнады?”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің көйлегін ұнатып, жақсы пікір жаудырып жатыр. 

“Ақбота-Нұр жолда қалады”, “”Енді шашыңды өсірсең, нағыз нәзік қыз боласың”, “Көйлек керемет жарасады” деп жазып жатыр. 

Айта кетейік, әнші бұған дейін сыртқы келбетіне қатысты көп теріс пікір естейтінін айтқан болатын. 

“Иә, маған көбінесе теріс пікірлер көп жазады. Бірақ мен оларға көбінде мән бермеймін. Себебі маған қалай ыңғайлы солай жүргім келеді. .Әрине "Сын түзелмей, мін түзелмейді" демей ме, олардың да сөздерінің кей кезде жаны бар. Бірақ қатты кетіп қалатындары болады. Сонда да мән бермеуге тырысамын. Көбінесе мән бермей, керісінше оларға "Рақмет, Алла разы болсын" деп тілек айтып, лүпіл жасып кетемін”, – дейді әнші.

Еске салайық, өнер иесі “күйеуге шықтым” деп алдағаны үшін, халықтан кешірім сұрағанын жазған болатынбыз. 
 

Талқылау