Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

90 жастағы әжей турникке асылып тұрудан әлемдік рекорд жаңартты

Фото: Видеодан скриншот

Америкалық Энн Крайл Эссельстин 90 жасында ерекше рекорд орнатты. Ол турникке 2 минут 52 секунд асылып тұрып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Бір қызығы, спортшы бұл жетістікке небәрі бір ай дайындалған. Рекорд жаңартуға деген қызығушылық оның ұлы Рип фитнес-челлендж туралы айтып бергеннен кейін туған.

Алғашқы әрекетінде-ақ арнайы дайындықсыз Энн турникке бір минуттан астам уақыт асылып тұрған. Кейін ол өз ұлының нәтижесінен де асып түскен. Бұл оны әлемдік рекорд үшін күресуге ынталандырған.

Ресми бақылаушылар алдында өткен алғашқы сынақта әйел 2 минут 41 секунд нәтижеге қол жеткізді. Алайда төрешілер рекордшының аяғын қимылдатқаны үшін әрекетті қайта жасауды сұраған. Араға жарты сағат салып, 90 жастағы Энн көрсеткішін тағы 11 секундқа жақсартып, әлемдік рекорд иегері атанды.

"Бір тәулік бойы тоқтаусыз шырқаған": Қазақстандық термешілер әлемдік рекордтар кітабына енді

Оқыңыз

Айта кетейік, “Вашингтон Кэпиталз” клубының капитаны Александр Овечкин ұлттық құрамалар сапындағы ойындарын қоса есептегенде, кәсіби деңгейде соққан гол саны бойынша әлемдік хоккейдің абсолютті рекордшысы атанды. Айтулы оқиға 1 сәуірге қараған түні “Филадельфияға” қарсы матчта тіркелді. Кездесу 6:4 есебімен “Вашингтонның” пайдасына аяқталған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 20:01