Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"80 миллион теңгеден астам қаражат салынған": Алматыда "Matic Basket" қаржы пирамидасы қызметін тоқтатты

Қаржы пирамидасыФото: Видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігі Алматыдағы "Matic Basket" қаржы пирамидасы қызметін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, ұйымдастырушылар өздерін "YouTube", "WhatsApp" және "Telegram" әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды "Matic Basket" жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.

Салымшылардың салған ақшалары 5 мың теңгеден 1 100 долларға (574 596 теңгеге) дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.

"Осылайша, қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1 900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 миллион теңгеден астам қаражат салынған. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада.


Қаржы пирамидасы бөліп төлеу арқылы үй алуды ұсынып 500-ден аса адамды сан соқтырды


200-ден аса қазақстандық Ansar Gold қаржы пирамидасына қаржы салып, алданып қалған


Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар қаржы пирамидасына сеніп пәтерлерін рәсімдеп бергенін жазған едік. Семейде "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды – екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025 09:55
Талқылау