8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы облыс әкімінен грант алды
Алматы облысында 8 жасар қызды педофилден арашалап қалған Тимурбек Жамаладдинов облыс әкімі орынбасарының қолынан білім грантын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар табыстаған грант бойынша енді Тимурбек өзі армандаған Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білім ала алады.
Тимурбек отбасының тұңғышы. Өзінен кейін екі қарындасы бар. Өзі құтқарып қалған қыздың отбасымен де туыстай араласып тұрады.
“Кез-келген адам айналасында болған қылмысқа немқұрайлы қарамауы керек. Жақсы білім алып, қоғамға пайдалы адам болуы қажет”, – дейді Тимурбек. Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.
Оқи отырыңыз:
«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?
Оғыз Доған атышулы оқиғадан кейін “Эйр Астананың” қалай өзгергенін айтып берді
Қазақстандық жастар тойға деп жинаған ақшаларын қайырымдылыққа берді (видео)
Қайын жұрты күштеп алып қашқан қыздың өзіне ұрысып, жекіп тастады (видео)