Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жастағы қызын далаға қуып шыққан ана өз әрекетін түсіндірді

Белгілі тележүргізуші Динара Сатжан Нұр-Сұлтандағы сегіз жастағы қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді. Оны анасы ішкиіммен аязға шығарып жазалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Динара Сатжан Instagram-дағы парақшасында өз қызын аяусыз жазалаған қыздың анасымен тілдескенін айтады. 

"Бұл маған сабақ болды. Ақшаның жетіспейтінінен шаршадым. Үнемі тұратын пәтер мен жұмыс іздеуіме тура келеді. Балаларымды менен тартып алғанын қаламаймын", - депті қыздың анасы тележүргізушіге айтқан сөзінде.

Тележүргізуші Динара Сатжан олардың ескі вокзал маңындағы шағын жатақханада тұратынын айтты.

"Айжамал өз ісіне қатты өкінеді. Мен оған сенемін. Ата-ана құқығынан айыруға болмайды! Ол үшін бұл үлкен сабақ ... Ата-аналар осы жағдайдан ой түйсе екен.  Балаларға қамқорлық пен жылулық қажет. Олар ата-аналарды жақсы көреді. Бәрі де жаман емес", - дейді Динара Сәтжан.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде дәлізде ұйықтап, далада жалаңаш жүрген кішкентай қыздың суреті таралған еді. Кейінен өз баласын аясыз жазалаған отбасы табылды. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Желтоқсан, 2020 16:41
Талқылау