Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"8 жасқа үлкен": Илья Ильин жарымен қалай танысқанын айтып берді

Қазақстандық спортшы, ауыр атлет Илья Ильин алғаш рет көпшілікке отбасы туралы “Алғашқы” бағдарламасында айтты. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Спортшының жары бағдарламаға сұхбат беріп, танысқан кезін есіне алды. 

“Бір ғана көзқарас бәрін өзгертуі мүмкін. 2021 жылы жаттығу залында жүргенде таныстық. Менің жаттығу жасап жатқанымды құрбым видеоға түсіріп тұрды. Ал Илья жанымда турникке тартылып тұрған еді. Сол видеоны өңдеп отырғанда, оның маған деген мейірімді көзқарасын сездім. Кейін менің де сезімім ояна бастады. Одан соң дос болып араласа бастадық. Бір күні өзіме: “Тұрмысқа шығуға дайынсың ба, еркектің шұлығын жуып, тамағын істей аласың ба?” деп сұрадым. Іштей дайын екенімді сездім. Менің адамым екенімді сездім. Екеуміздің жас айырмашылығымыз – 8 жас. Бірақ менің жасымның үлкен екені мүлдем сезілмейді”, – деді Татьяна Ильина. 



Сонымен қатар спортшы бала күнінен жоғары сыныпта оқитын қыздарға ғашық болғанын жасырмады. 

“Бала кезде қатарластарымнан ішім пысатын. Сол үшін шығар үлкен қыздармен араласқаным. Негізі, Танямен 12 жыл бұрын танысқан едік. Ол кездегі фото әлі бар. Жаттығу залында түсірілген. Содан кейін тағы жолықтық. Міне, тағдыр бізді кездестіре берді. Бір күні Таня Серік және Азамат үшеуімізді жаттығу залына тренер болуға шақырды. Қарап отырсам, біздің ішкі жан-дүниеміз ұқсас. Бір-бірімізді сөзбен ұғысамыз”, – деп жан сырын ақтарды спортшы. 

Айта кетейік, Илья Ильин әнші Зарина Омаровамен махаббат хикаясының болғанын растаған еді. 

Одан кейін спортшы таяуда екінші рет әке атанып, халықтан сүйінші сұрады. 

Талқылау