8 наурыз күні Қарағанды облысының тергеу изоляторынан екі ер адам қашып кеткен
Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан 8 наурыз күні серуендеу кезінде екі тұтқын қашып кеткен , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
Шахтинск полицейлері 8 наурызда Шахтинск ІІБ уақытша ұстау изоляторының жаттығу алаңынан қашып кеткен екі тұтқынды ұстады.
Полицейлер қашқындарды бірнеше сағаттың ішінде ұстап үлгерді. Қашу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 426-бабы "Бостандығынан айыру, қамауға алу немесе күзетпен ұстау орындарынан қашу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, мұндай тәртіп бұзушылыққа 426-бапта алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Талқылау
Пікір