Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салынды

Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан, Солтүстік Корея және Венесуэла азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды.

Құрама Штаттардың жоғарғы соты бұны заңды деп таныған. Сол-ақ екен, Ақ үй алдына жүздеген адам жиналып, бұл тыйымға қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Айта кетейік, АҚШ басшысы Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен кезде, аталған елдердің азаматтарына АҚШ-қа 90 күнге дейін кіруге болмайды деген үкім шығарды. Алайда сол кезде федералды соттар Трамптың бұл шешімін жүзеге асыруға рұқсат бермеді.

Қыркүйек айында бұл тізімге Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад қосылды. Трамптың пікірінше, бұл шектеулерді ол америкалықтардың қауіпсіздігі үшін енгізіп отыр.

Өйткені мигранттар арасында қарақшылар мен қылмыскерлер көп дейді.

Тағы да оқыңыз:

Ата-анасы 4 айлық баланы микротолқынды пешке салып күйдірген

Оны тамақтандырудан шаршадым: Анасы 2 жасар қызын тұншықтырып өлтірді

Ғалымар: Адамзат болашақта 1000 жыл өмір сүретін болады

Талқылау