79 жастағы британиялық миллионер мұрагер туып беретін жас әйел іздеп жатыр
Фото: Express.com
79 жастағы британиялық мультимиллионер мұрагер туып беретін жас әйел іздеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
79 жастағы британиялық өзінің мәлімдемесінен кейін интернетте танымал болды. Ол өзіне тұрмысқа шығып, ұл бала туып бере алатын жас әйел іздеп жүргенін айтты. Себебі ол болашақ ұлына ғана өзінің 1300 акр (шамамен 5,26 шаршы километр) аумақты алып жатқан Сомерсет графтығындағы мұрагерлік жерін қалдырмақ.
Ал мұрагердің басты мақсаты – "әулетті жалғастыру". Бұл мәлімдеме желіде үлкен талқыға түсті. Бірі, мұны қызығушылықпен қабылдаса, енді бірі ашуға булықты.
Миллионердің үлкен жер иелігі бірнеше ұрпақ бойы оның отбасына тиесілі. Оған сәнді үй, ат қоралары және ауыл шаруашылық алқаптары кіреді. Ол бұл мүлікті қандай жағдай болса да өз ұрпағының қолында қалдыруды көздеп отыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген