Алматыда 79 жастағы әжейді ұрып кеткен: Полиция жауап берді
Полиция Алматы облысында бірнеше дене жарақатымен ауруханаға түскен 79 жастағы әжеге қатысты оқғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны 79 жастағы әжені тонау және ұрып-соғу туралы ақпарат тараған. Осы дерекке қатысты полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 14-маусымында Жетіген кентінде тұратын 79 жастағы әйел көптеген дене жарақаттарымен Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына түскені белгілі болған. Алайда әжейдің сөзі бойынша ол үйінде құлап қалыпты.
"Сұхбат барысында әжей жалғыз тұратынын және үйде жатып құлағанын және құлау салдарынан жарақат алғанын түсіндірді. Бірақ, бұл айғақтар істің мән-жайын егжей-тегжейлі зерделеуге байланысты тергеуге күмән тудырады. Әйел туыстарының қысымын жасырып, оларды қорғап қалуы мүмкін. Сонымен қатар, әйел өтініш беруден бас тартып, сот-медициналық сараптамадан өтті. Қазіргі уақытта дәлелдердің барлығы анықталуда, тексеру жалғасуда", - деді полиция.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
