77 жастағы зейнеткер дүние-мүлкін сатып круизбен саяхаттауға аттанған: Ол 15 жылын теңізде өткізбек
Фото: Sharon Lane
АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны круизбен саяхаттау үшін иелігіндегі мүліктің бәрін сатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шарон Лейн дүние-мүлкін сатып, 15 жылын Villa Vie Odyssey лайнерінде өткізуді жоспарлап отыр.
77 жастағы әйел маусым айының ортасында саяхаттау үшін криузге мінген сәтте өзін еркін сезінгенін айтады. Ол құрлықтағы өмірін теңіздегі өмірге ауыстыруды бұрыннан жоспарлап жүргенін жеткізді. Енді ол алдағы 15 жылын кемеде өткізеді.
Villa Vie Odyssey круизі әлемге саяхат жасап, әсем порттарға тоқтайды. Бұл әдеттегі кемеге ұқсамайды. Себебі мұнда ұзақ уақыттан бері тұрып жатқан тұрғындар бар.
Фото: Liam McBurney/PA Wire
Жерорта теңізі арқылы саяхаттау үшін бортқа өте аз адам мінеді. Осылайша олар кеме іші ұнаса тұрақты немесе 15 жыл тұруға қол қояды.
"Бір бөлме сатып алып, сол жерде тұрамын. Ондағы адамдар да солай өмір сүріп жатыр. Кеме ішінде бөлме саны шексіз, соңы жоқ", – деді Шарон.
Ол өткен жылы жинаған ақшасын бөлме сатып алуға жұмсаған. Сосын 2024 жылдың қыркүйек айының соңында туған қаласы Сан-Диегодан Одиссей арқылы жаңа өміріне жол тартқан.
Айта кетейік, бұған дейін Трамптың президенттік мерзімінен "қашқандар" үшін әлемдік круиз басталғаны туралы жазған едік.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
