77 жастағы астаналық Нью-Йорк марафонында чемпион атанды

Фото: Әлеуметтік желіден
Астаналық Салтанат Түйтебаев 80–89 жас аралығындағы санатта Нью-Йорк марафонында екінші болып келіп, чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салтанат Түйтебаев "75+" жас санатында өнер көрсетіп, 42 шақырым жүгіріп өткен. Ақсақал спорттық шараға Қазақстаннан жалғыз өзі шяққан. Ол мәре сызығын екінші болып кесіп өткен. Салтанат Түйтебаев марафонға қатысты айтып берді.
Роботтар адамдармен бірге жартылай марафонды жүгіріп өтті
"Әлемнің ең беделді алты марафоны бар: Лондон, Бостон, Берлин, Чикаго, Токио және Нью-Йорк. Қатысу үшін ақысын төлеп қана қою жеткіліксіз. Көрсеткішің де талапқа сай болуы қажет. Мен қазіргі көрсеткішімді Амстердамда тіркедім. 200 мың өтінімнің ішінен маған шақыру келді. Артынша Нью-Йорк марафонына қатысып, өз санатымда бірінші болдым", – деп бөлісті ол.
Қазақстандық желаяқ 42 шақырымды 4 сағат 45 минут 56 секундта жүгіріп өткен.
Еске салсақ, осыған дейін 60 жастағы қазақстандық блогер әже Голливудты бағындырғысы келетіні туралы жазғанбыз.