70 жастағы павлодарлық қария халықтан Төреғалиді кешіруді сұрады (видео)
70 жастағы Павлодар тұрғыны Әсетолла Медеуов қазақстандықтарға видео-үндеу жолдап, Жаңа жыл қарсаңында Төреғалиге кешірім беруді өтінді. Ақсақал 21 желтоқсанда атышулы концертке қатысқанын алға тартып, оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.
Бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Әсетолла Медеуов сол күні әйелімен отасқанына 49 жыл толуына орай концертке келгенін айтты.
“Балконнан айқайлаған қызылордалық көрерменнің айтқаны дұрыс емес. Бірақ Төреғали де артық кетті. Енді арқасы бар жігіт қой, жас талант. Еліміз үшін еңбек етіп, ән айтып жүрген бала. Ән мен сөз жазу екінің біріне бұйырмайтын талант. Адамды кешіре білу керек. Барлығы жақсы болсын деп біз өзіміз бата бердік”, – дейді қария.
Ақсақалдың айтуынша, Павлодар билігі Төреғалиді мерекелік шараларға қатыстырмау туралы асығыс шешім қабылдаған.
“Төреғалидің өзі: “Халқым, артық айтқан жерім болса, мені кешіріңдер. Ашумен айтып қалдым”, – деп кешірім сұрау керек. Адам кісі өлтірсе де, соған кешірім жасайды. Менің шешем жол апатына түсіп, 12 жолаушының ішінде бір өзі қайтыс болды. Жиен ағамыз жүргізуші болып, көлік аударылды. Соны соттау керек еді, бірақ олай жасаған жоқпыз. Ал біздің қазақ кешірімді”, – дейді қария.
Әсетолла Медеуовтің айтуынша, Төреғали павлодарға қайта келіп, сол күні концертте болған адамдарды жинауы керек. Келмеген жағдайда, кешірім сұрағаны жөн деп кеңес берді ол.
“Мүгедек бала алдына барды, Төреғали қабылдады. Сонымен суретке түсті. Ол жамандығы ма? Емізулі баласы бар әйел барды сәбиін құшақтап, Төреғали оны да қабылдады, ешкімнің кеудесінен итерген жоқ, ол жамандығы ма?” – деген қария елден Төреғалиге кешірім беруді өтінді.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Брэд Питтен сымбатты болып шықты (видео)
Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)
Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаға арнап шығарған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)
Мақпал Жүнісова: Төрешті мен үшін кешіріңіздерші, халқым (видео)