Тарихтағы ең қарт ана: 70 жастағы әйел жүкті екенін мәлімдеді (фото)

Мексика тұрғыны Мария де ла Луз қазір жүктілігінің 6-ншы айында жүргенін мәлімдеді. 70 жастағы кейуана УДЗ суреттерін де көрсетті. Алайда ол жаңа рекорд орнату үшін, жүктілігін ресми түрде тіркеуі тиіс.

Жүкті екенін мәлімдеген 70 жастағы кейуана жұртты таңғалдырды

Кадр: CEN

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Маған сәбиімнің қыз екенін айтты. Суреттен оның кішкентай ғана беті көрініп тұр», – дейді Мария де ла Луз.

Десе де кейуана жүктілігіне қатысты көп мәлімет бермеді. Оның жасанды ұрықтандыру процедурасына жүгінгені де белгісіз. Кейуананың сөзінше, ол жүкті екенін 3 ай бұрын сезген. Бұл 70 жастағы әйел үшін күтпеген жаңалық болыпты.

«Аяғым ауырып, басым айналып, жүрегім айнитын. Жекеменшік және мемлекеттік клиникалардың дәрігерлері шамамен 10 УДЗ жасады. Олар менің жүкті екеніме сене алмады», – дейді Мария де ла Луз.

Тарихтағы ең қарт ана: 70 жастағы әйел жүкті екенін мәлімдеді

Бұл Мария де ла Луздың сегізінші баласы екен. Алайда оның ересек балалары анасының жүкті екенін естіп, қуанбаған. Себебі босану процесінің ауыр өтетінінен қауіптенеді. Ал гинекологтар кейуананың жасына байланысты кесір тілігін жасау керек екенін айтып отыр.

Тарихтағы ең қарт ана: 70 жастағы әйел жүкті екенін мәлімдеді

Егер Мария де ла Луз сәбиін аман-есен дүниеге әкелсе, бұған дейін рекорд орнатқан ең қарт ана Мария Дель Кармен Боусада де Ларадан асып түседі. 2016 жылы 66 жастағы әйел егіз ұлдардың анасы атанған еді.

Оқи отырыңыз:

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еврейлер үшін қауіпті саналуда

Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр