Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды

Италияда Пиза қаласының маңындағы Сан-Пьеро-а-Градода ер адам 1 жасар қызын көлікте ұмытып кеткен. Салдарынан қыз көліктің ішінде қайтыс болды.

Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды

Бұл туралы Pisa Today басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, 40 жастағы ер адам 1 жасар қызын балабақша апаруы тиіс болған. Көліктің артқы орындығында отырған қыз ұйықтап қалып, әкесі оны ұмытып, жұмысына кетіп қалған.

Мұнан кейін анасы қызын алып кету үшін балабақшаға келген. Алайда қызы ол жерде жоқ болып шығады. Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер шақырылғанымен, сәбиді құтқару мүмкін болмады.

Өз кезегінде Пиза қаласының әкімі Марко Филиппески қайтыс болған сәбидің отбасына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз:

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Қайыршылықпен айналысқан әйел банк есепшотында 1 млн доллар ақша жинаған

Әйгілі Гарри ханзада мен актриса Меган Маркл үйленді (фото)

Талқылау