Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жылға бас бостандығынан айырылды: Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алғысы келген азамат жазаланды

Мембағдарлама аясында баспана алмақ болған азамат 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтып берді. 

Өскемен қаласынан мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарлама бойынша жалдамалы пәтер алмақ болған тұрғын мен оған уәде беріп, қомақты қаражат сұраған мемлекеттік қызметкер ұсталды.


"2020 жылдың 7 шілдесінде Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен «Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры А.Биғалиева мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы пәтер беру үшін Д.Сыдықовтан 720 мың теңге көлемінде пара алған", - деді Қайсар Баржақсынов.

Осылайша А.Биғалиева 7 жылға, Д.Сыдықов пара бергені және алаяқтығы үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды
 

Талқылау