7 блок-бекет қойылған: Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Орал қаласы жабылды
Оралда және Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін блок-бекеттер орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта бір айдан астам уақыт тұрғанына байланысты облыстың бас санитарлық дәрігері жаңа шешім қабылдады.
1 мамырдан бастап Орал қаласына, сондай-ақ Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Теректі, Бәйтерек және Шыңғырлау аудандарына кіруге және шығуға шектеу қою керек деп шешті.
Оралда бақылау бекеттері жеті жерде орнатылды. Блок-бекеттерде кезекші полиция қызметкерлері бар. Блок-бекеттер:
- Самара-Шымкент тас жолы, Ақжол кешенінің жанында, Теректі өңірімен шекарада;
- жаңа көпір аймағы;
- Жәңгір хан мен Айтқұлов көшелерінің қиылысы;
- Саратов тасжолы мен Айтқұлова көшесінің қиылысы;
- ПДП-1-де Белес ауылынан шыға берістегі бақылау-өткізу пункті;
- Самара - Шымкент трассасы, Самара қаласына шыға берістегі өткізу пунктінің жанына орнатылды.
"Басшылар өздері карантинге кетсін". Семейде кәсіпкерлер бас санитардың қаулысына қарсы шықты

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
