67 жастағы аспаз улы палау пісіріп, өзі сол асқа уланып қайтыс болды
Тәжікстанда жаңажылдық палаудан уланған төрт адам қайтыс болды. Палаудан натрий нитраты табылған. Бұл туралы “Радио Свободы” хабарлады.
Оқиға 30 желтоқсанда Худжанде елді мекенінде болған. Жергілікті тұрғындар Жаңа жылдың алдында отырыс ұйымдастырған. Алайда, палауға қалай екені белгісіз натрий нитратының тұзды түйіршіктері түскен.
Төрт адам қаза тапты, сегіз адам ауруханаға түсті. Оның алтауның жағдайы өзгеріссіз.
Қаза тапқандардың ағзасынан натрийлік селитра дозасы табылған. Оқиға орнында осы заттың құтысы табылған. Оның қазанға қалай түскенін болжап айту қиын, себебі 67 жастағы аспаздың өзі де қайтыс болды. Осы іске қатысты “Абайсызда адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды.
Натрий нитраты тыңайтқыш ретінде, шыны өндіру, металл өңдеу саласында және кей кездері тамақтану өндірісінде қолданылады.
Тағы оқыңыз:
Алматыдағы “Үш-қоңыр” базарында өрт шықты
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын айтты
Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін біле алатын болды