Оралдық екі алаяқ тұрғындарды 63 миллион теңгеге алдап соққан
Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адамға қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі алаяқ 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Шығын 63 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орал қаласының екі тұрғыны "Көшбасшы", "Алтын Тұмар" және "Жарқын болашақ" деп аталатын қаржы пирамидаларын ұйымдастырған.
“Олар WhatsApp желісінде чат құрып, егер ақша құйсаңыз 7 күн ішінде салынған қаражаттың 100 пайызынан асатын сыйақы аласыз деп алдаған" – дейді қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.
Ақша қолма-қол да, Kaspi Gold картасымен де қабылданған.Тергеу нәтижесінде пайда өзге салымшылардың есебінен түскен. Ал пирамиданы ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған. 435 адамнан салынып, жиналған қаржы көлемі 63 миллион теңгеге жеткен.
Алаяқтарға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр