Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда алаяқ көз жұмған 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинамақ болған

Атырауда алаяқ көз жұмған 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бұрын Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыздың ауруханада көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 21 қазанда Атырау қалалық полиция басқармасына 43 жастағы әйел шағым түсірген.

Арызданушының айтуынша, белгісіз адам әлеуметтік желіде терезеден құлап, қайтыс болған қызының жерлеу рәсіміне қаражат жинаймыз деп жалған ақпарат таратқан.

"Бұл алаяқтардың әрекеті екені анықталды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Талқылау