Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"600-ге жуық өлеңім бар": Ақтөбеде әкім шағымын айтқан ақынға жырмен жауап қайтарды

Президенттің "Естуші мемлекет" тұжырымдамасын ескергісі келмейтін әкімдер бар аймақтарда. Семей тұрғындары халықтың жазбасына жауап бермейтін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың инстаграм парақшасына бір мағынадағы пікір қалдырудан флешмоб ұйымдастырыпты. Ал Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының әкімі Әділгерей Әуелбаев әлеуметтік желіде өлеңмен шағым айтқан тұрғынға өлеңмен жауап берген. "Бес жасымнан жыр қудым" деген аудан басшысының майлық пен түрлі қағаздарға жазып кеткеннен басқа 600-ге жуық өлеңі бар екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Майлық пен түрлі қағаздарға, газет бетіне жазып тастап кеткен өлеңдерімді есептемегенде, 600-ге жуық өлең бар менде", - дейді Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының әкімі Әділгерей Әуелбаев.

Әділгерей Әуелбаев ауылының жағдайын айтып, шағымданған ақынға өлеңдетіп жауап берген. Бұрынғы билік халыққа Ақшат ауылынан жерді бергенде коммуникация тартпаған дейді.  

Ал ауылдың жағдайын жақсы білемін деген басшының сөзінше, әлі күнге дейін газы, ауыз суы, жарығы жоқ мекенге әзірге өркениет бара қоймайтын сияқты.

"Газ, су, жарық, жол жоқ. Қарапайым адамға керек дүниенің бәрі жоқ ол жерде. Өмірінде де болмайтын нәрсе. Ол жерден сұраған ешкім жоқ. Бұл мәселені көтеріп отырған басқа ауылда тұратын адам. Тек, жазғысы келіп жазды ма екен?", - деді Әділгерей Әуелбаев.

Ал семейліктер үш күннен бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап ала алмай жүр. Ол жеке парақшасында атқарылған істер туралы жазуды ұмытпайды, ал халық қандай пікірде екенін оқымайтын сияқты. Себебі, соңғы жазбасында тұрғындар Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселесін шешуді қайта-қайта талап етіп, пікір жазса да, жауап қайтармады.

"Жалпы, парақшасын басқа адамдар жүргізеді. Әйтпесе, соншама ақпаратты өзі беруі мүмкін емес", - дейді

"Әкімдерді, Даниал Ахметовті, Семейдің әкімін осы жерге сағат жеті жарымнан кейін әкеп қойса, көрсін. Автобустар сағат 22:00-ге дейін жүреді дейді, ал негізінде жеті жарымнан кейін автобус болмайды", - дейді

Ал әкімнің қарамағындағы мамандар жағдайды зерттеп жатырмыз дейді. 

"2-3 күн бойы неге жазылмады деген сұраққа, мәселені зерттеу тапсырмасы берілді. Басқарма алдын ала зерттеу жүргізді, есептер жеткізілді. Толық зерттеу үшін біраз уақыт қажет болды", - деді

Бұл ретте әкімдіктегілер парақшаны әкімнің өзі жүргізетінін ерекше атап өтті. 

Талқылау