БҚО тұрғыны 60 жыл бұрын жоғалтқан туыстарын қайта тапты: Анам қуанғаннан балаша секірді

Атырау қаласының тұрғыны Нәсіпқали Айтжанов радиодағы құттықтау кезінде өзінің 60 жылдан бері хабарсыз кеткен түп нағашыларын тауып алған. Нақты қалай болғанын білу үшін Stan.kz тілшісі азаматтың өзіне хабарласып сұрап білді. 

туыстар

Ішкі істер қызметінде 20 жылға жуық істеген Нәсіпқали мырза қазір отставкада екен айтады. Анасы мен әкесі өмір бойы құрылысшы болып қызмет еткен, анасының туыстарын іздеуді 6 ай бұрын бастаған. Анасы Есмағанбетова Саржан апайдың өтінішімен нағашыларын іздеуге кіріскен ол кездейсоқ радиодан нағашыларының атын естіп қалғанын айтады. Ары қарай нақтырақ қала болғанын сұрағанымызда: 

- Радиодан құттықтау хабары жүріп жатты. Көлігімде анам екеуміз жолда тыңдап келе жатқанбыз. Тараз қаласында Сәуле Қуантай есімді кісіні құттықтап жатыр екен. Сонда анамның есіне осыдан 60 жыл бұрын жоғалтып алған сіңілісі түсіп, менен нағашыларымды іздеп табуымды сұрады. Мен іздестірдім. Бүкіл ағайын туғандарымнан сұрау салып, хабар жинай бастадым. 3 ай дегенде әрең таптым, - дейді ол. 

- Олар бірін-бірі қалай жоғалтып алған?

- Ендігі жылы анам 85-ке толады, ал нағашымыз 73-те. Соңғы рет бір-бірін көргенде нағашы апам 13-те болған. Анамыз нағашыларымыздың бәрі БҚО-да дүниеге келген, бірақ 1937 жылдары аталарымыз ашаршылық кезінде жан-жаққа көшіп кеткен дейді. Бір-бірін нақты қалай жоғалтып алғандарын білмеймін. Менің анам осы Атырауда қалып қойса, ал олар Тараз қаласынан бір-ақ шыққан. Нақты қалай болғанын өзіме де түсініксіз, негізінде олар бір-бірін жоғалтқан жоқ. Тек алғашқы жылдары хат жазысып, кейін байланыстары мүлде үзілген. Нағашы апам анамды танып отырғанымен, біздерді танымайды, - деді Нәсіпқали мырза.

туыстар- Сонымен сіз радио арқылы 60 жыл көрмеген туысыңызды таптыңыз...

- Радиодадан құттықтап жатқан басқа кісілер болып шықты. Өйткені сіздер құттықтауға бердіңіздер ме деп сұрағанымызда ешқандай құттықтау жолдамағанын айтты. Кездейсоқ болған дүние деп ойлаймын. Бір адам Сәуле Қуантай деген аттас адамды құттықтаған, сол кезде анамның бұрын хабарсыз кеткен сіңлісі есіне түсіп, іздеуге кірістік. Осының барлығына радио себепкер болып тұр. 

- Тапқан туыстарыңызбен жүздестіңіздер ме? 

- Анам екеуміз Таразға барып, арнайы кездесіп, той жасап қайттық. Күн сайын телефон арқылы хабар алып тұрамыз. Анам қуанғаннан балаша секіргені есімде.  

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкім пара ретінде соңғы үлгідегі смартфон және 4 млн теңге алған: Бір топ шенді ұсталды

Әкімді пара алу сәтінде емес, ұялы телефонды тыңдау арқылы қолға түсірген

Таяқ тастам жерге 60-70 мың теңге сұрап құныққан таксистер арнайы тексеруден өтпек

Шетелдіктерге қаланы кәсіби таныстыру үшін гидтер де арнайы оқытылатын болады

БҚО-да 7-сынып оқушысы желідегі жазба үшін өзіне қол салды

Көз жұмған бала отбасында жалғыз ұлы болған

Адамға ұқсап туған лақ тұрғындарды таңғалдырды

Ауыл тұрғындары мутант-лақты құдай бейнесі деп табынып жүр

Сексен жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжанов жасарып кетті

Мәдина Сәдуақасова: Өнер адамына осындай өзгеріс керек

Перзентханада жаңа туған сәбиді ит жеп кетті

Аурухана басшысы баланың өлі туғанын айтты

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабық

Биылғы қыста жауын-шашын мол болды

Оглядывайтесь вокруг, запирайте двери: Певица Уатхан Заханқызы призвала девушек к осторожности

Көкшетауда студент  университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті

Курстастары оның аяғын ұстауға тырысты, бірақ нәтиже болмады

Мұғалім қыздардың етегінің астын жасырын камера арқылы бақылап келген

Ер адамның үйінен балалар порнографиясын қамтитын 100-ден астам суретті тапты
Çàãðóçêà...