Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

60 жастағы ер адам Ақтау тұрғындарын спорттық шайқасқа шақырды (видео)

Желіде ер адамның роликпен дене жаттығуларын жасап, мастер-класс көрсеткен видеосы жарияланды. Видео авторы 60 жастағы ер адаммен «күресуге» барлық жастарды шақырады. Жексен Аюпов гимнастикалық дөңгелекті пайдаланып жаттығу жасаудан алдына жан салмайды.

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Жексен Аюпов 1958 жылы туылған. Айтуынша, спортпен бала кезінен шұғылданып келеді екен. Ол өзі қол жеткізген нормативті әлі ешкім қайталамағанын айтты. Қария соңғы он жылда күніне 3-4 километр жүгіреді екен. Сонымен қатар, турникте 150 рет тартылады.

«Бұл ер адам мықты екен. Жастардың көбі мұндай шеберлікті қайталай алмайды. Гимнастикалық дөңгелекті пайланып жаттығу жасаған кезде, оған дененің барлық бұлшық еттері қатысады. Бұл жаттығу құралының  пайдасы мол. Жалпы денені қатайтып, пресс шығару үшін гимнастикалық дөңгелекті пайдаланған тиімді. Жаттығу құралының арқасында тек қана іштің бұлшық еттері емес,  оған қоса арқа бұлшық еттер де қатысады. Осындай шеберлік көрсету үшін екі айдан алты айға дейін тынбай жаттығып тұру керек. Мұның бәрі адамның дайындық деңгейіне байланысты. Жаттығушының  арқа және ішкі пресстері қаншалықты күшті екені сол кезде анықталады», – деді «Орбита»спорт кешенінің жеке жаттықтырушысы Владлен Абакаров.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада көпқабатты үй тұрғындары есіктеріндегі белгілерден қорқып отыр 

Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан 

Ақтөбе облысында қайтыс болған 250-ден аса адамның мәйіті табылмай жатыр 

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі жалғызбасты зейнеткерлер үшін әлеуметтік үй тұрғызуды ұсынды 

 

Талқылау