"6 айда 35 келі салмақ тастадым": Кенжебек Жанәбілов арықтаудың құпиясын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/kenzhebekmuzart/
“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов артық салмақпен күресудің жолын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болды.
“Мектепте салмағым көп болатын. Содан алты айдың ішінде 35-40 келі салмақ тастадым. Үш мезгіл спортпен айналыстым. Сол кезде мектептегілер мені танымай қалған. Артық салмақ адамға басқаша түр береді екен. Егер өнерге келмегенде, спорттың бір бұрышында жүрер едім. Спортты жақсы көремін. Спортпен қазір де айналысамын. Бассейнге барамын. Бокспен бір жарым жыл айналыстым. Спорт денсаулық үшін керек", – деді Кенжебек Жанәбілов.
-
"Бір жыл мектепке бармадым": Кенжебек Жанәбілов балалық шағынан сыр шертті
-
"Ұшақ айдап барасың" деді: Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қабылданған сәтін есіне алды
Еске салайық, Кенжебек Жанәбіловтің "біртүрлі" биі желіде тарап кетіп, қызу талқыға түскен еді.
Асабаның сөзіне қарағанда құдаларды Сәкен Майғазиев күткен. Әннен шашу шашылып, қонақтар билеп жатқанда Кенжебек Жанәбілов камераға тіке қарап, бөксесін қимылдатып билейді. Құдалықтың видеосы интернетте тарап кетті.
Желі қолданушылары екі ұдай пікір білдіріп жатыр. Кейбіреулер өзіне жарасып тұр десе, енді бірі "біртүрлі" екенін айтып дауласты.
"Кенжекбектің қылықтары біртүрлі. Соқталдай азамат деп құдалыққа ертіп барды. Сәкен ортаға шақырып, сыйлық беріп, кит кигізіп жатса, бір аяғын тамадаға көтеріп жатыр. Енді тұрысы мынау, ұят-ай", "Керемет ,бізге де жұғысты болсын. Кенжебек күшті билеген", "Кенжебектің биін үйреніп алу керек екен", Биі ерсі, биден басқа ештеңе жоқ", – деп жазды олар.

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
