6 алтын, 1 күміс: Қазақстандық боксшылар әлем кубогының финалында топ жарды

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында спортшыларымыз алты алтын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Виктория Графеева 60 келі салмақта бразилиялық Ребека Де Лиманы жеңді. Ал Наталья Богданова 70 келі салмақта оза шығып, аустралиялық боксшыны 4:1 есебімен ұтып кетті.
Күндізгі сессияны соңғы болып Санжар Тәшкенбай аяқтады. Ол 50 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джей Брайан Барикуатроны жеңді. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді.
Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.
Кешкі сессияда әлі 5 боксшымыз жұдырықтасады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық спортшылардың әлем кубогында 3 алтын, 1 күміс алғанын хабарлаған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

