Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5G желісіндегі керемет стартап": FMobile операторы Шымкентте іске қосылды

Қазақстанда тек 5G желісінде жұмыс істейтін алғашқы оператор FMobile енді еліміздегі ең жылдам дамып келе жатқан Шымкент қаласында қолжетімді.

Тек 5G желісінде байланыс қызметтерін ұсынатын стартап телекоммуникация нарығының назарын аудартуда. Бұған дәлел, AppStore немесе PlayMarket дүкендеріндегі FMobile қолданбасы жүктеп алу саны бойынша бірден ТОП-қа шықты. Бір күнге жетер-жетпес уақыт аралығында оператор мың сәтті қосылымдық көрсеткіш жасады.

Пайдаланушылардың белсенділік танытуы да бекер емес. Себебі қазір FMobile өз клиенттеріне үш тарифтік жоспарды ұсынуда:

  • "Әккі жүріс" топтамасы – 20 ГБ пен шектеусіз әрекет ету мерзімі небәрі 1990 теңгеге; 
  • "Шах" топтамасы – 40 ГБ пен шектеусіз әрекет ету мерзімі 2490 теңгеге; 
  • "Шах пен Мат" – 5G мобильді шексіз интернет үшін айына 2990 теңге.

Сонымен қатар барлық абонент бірінші айда тегін байланыс мүмкіндігін алады. Тиімді әрі арзан модель операторға қысқа мерзім ішінде іске қосуға және алдағы уақытта белсенді дамуды жоспарлауға мүмкіндік берді.

"Біздің стартап өз тұтынушыларын тез тапқаны қуантады. Бұл телекоммуникация мен IT саласындағы нағыз кәсіпқойлардың еңбегінің нәтижесі. Елдегі мобильді трафик тез қарқынмен өсіп келеді. Осы тұста 5G үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істейтіндер үшін ең жақсы шешім. Мәселен, шегі жоқ есептер-қисаптар, күрделі  мультимедиалық презентациялар немесе маңызды 4K бейнелерін жасауда маңызы зор. Сол үшін елімізге ең жылдам мобильді интернет қажет. Бүгін міне, үшінші қала Шымкентте абоненттеріміз үшін ашылдық. Бұл тек бастамасы ғана. Біз еліміздің техникалық мүмкіндіктері мен батыл іскерлік көзқарасымызды біріктіре отырып, алға жылжуды жалғастырамыз", – деді FMobile бас директоры Рифат Хаматов.
Талқылау