Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5G Қазақстанның алты қаласында жұмыс істейді: Tele2/Altel Қарағанды ​​мен Көкшетауда жаңа станциялар салды

"Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін Tele2/Altel операторлары 5G желісін елімізде белсенді түрде орнатуды жалғастыруда. Жаңа технологияны Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды ​​және Көкшетау қалаларында тегін әрі шектеусіз сынақтан өткізуге болады.

Tele2/Altel операторлары станциялар құрылысын жылдамдатуға тырысады. Мәселен, қазірдің өзінде елордада 30-ға жуық базалық станция жұмыс істейді. Өткен демалыс күндері Қарағандыда (Respect бизнес орталығының жанында) және Көкшетаудағы (“Сұңқар” шағын ауданында) 5G пайда болды. Компания үшін жаңа технологияны республикалық маңызы бар қалаларға ғана емес, сонымен қатар облыс орталықтарына да қолжетімді ету өте маңызды.

Айта кетсек, 5G технологиясы оператордың ресми сайттарында көрсетілген барлық смартфондарда қолжетімді. 12-ші және одан жоғары сериядағы iPhone пайдаланушылары iOS 16.4 және одан жоғары нұсқаларда смартфонның бағдарламалық құралын жаңарту арқылы 5G технологиясына оңай қосыла алады. 

Ал ай сайын ақылы тарифке қосылған Tele2/Altel пайдаланушыларына шектеусіз 5G науқаны қолжетімді. Жаңа технология бір уақытта қосылған көптеген абоненттерге жоғары жылдамдық пен кедергісіз желіні сезінуге мүмкіндік береді.