59 жастағы Мадонна алғаш рет өзінің алты баласын көрсетті (фото)
Әйгілі әлемдік жұлдыз Мадонна тұңғыш рет өзінің алты баласын көпшілікке көрсетті. Біраздан бері көпбалалы ана атанған Мадонна бала саны бойынша әйгілі голливудтік жұлдыз Джолимен де теңесіп отыр.
Бұл туралы Bigpicture.ru хабарлайды.
16 тамызда поп-музыка ханшайымы 59 жасқа толған болатын. Әнші өзінің туған күнін Италияның Лечче қаласындағы Салентина аралында атап өтті. Мереке кезінде әнші атқа мініп, билеп, өзінің хиттарын да орындаған.
Әнші өзінің жеке өмірі туралы ақпараттармен әдетте сирек бөліседі. Бірақ, бұл жолы ол өзгеріс енгізіп, отбасының толық құрамын жария етті. Суретте 20 жастағы Лурдес, 17 жастағы Рокко, 11 жастағы Дэвид пен Мерси және 4 жасар бразилиялық егіздер Стелла мен Эстер.
Әншінің туған баласы екеу: қызы Лурдес және ұлы Рокко. Әнші Лурдесті жеке бапкері Карлос Леоннан босанса, екінші күйеуі британиялық режиссер Гай Ричиден Рокко есімді ұлы бар.
Қызы Лурдес кезінде анасы білім алған Мичиган университетінде оқып жатыр.
Мадонна африкалық Стелла мен Эстерді осы жылдың ақпан айында асырап алды. Бүлдіршіндердің анасы босана салысымен қайтыс болса, әкесі балаларына қарамаған. Әнші қыздарды асырап алу мәселесі бойынша жоғарғы соттың шешімін күтіп Малавиде бір ай жатқан. Ал Дэвидті ол 2006 жылы, Мерсиді 2009 жылы асырап алды.
Оқи отырыңыз:
Марк Цукерберг декреттік демалысқа кететінін мәлімдеді
Бішкекте 22 жастағы қыз жігітті таспен ұрып өлтірді
Бала күтуші боламын деген 17 жастағы қыз жезөкше болып шыға келген