Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

55 млн теңгеден астам: Бекшин басшылық ететін ведомствода түрлі бұзушылықтар анықталды

Алматыда коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне 32 миллион доллар төленбеген. Есесіне жәрдемақыны мүлдем басқа қызметкерлер алған. Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тексеру жүргізілді. Нәтижелері таңқаларлық. Жандарбек Бекшин басшылық ететін ведомствода 55,5 миллионға түрлі бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы министрлігінің қызметкерлері бухгалтерлік есептілікті, бұйрықтар мен төлем тапсырмаларын тексерді.  Анықталғандай, бюджет қаражаты заң бұзушылықпен пайдаланылған. Бұл мекеменің медицина қызметкерлері орташа қауіп тобына жатады. Оларға 212,5 мың төлеуі керек еді. Бірақ іс жүзінде зейнетақы мен міндетті төлемдер осы жәрдемақыдан ұсталды.

Бекшинге қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды. 10-нан астам қызметкер ережені бұзғаны белгілі. Барлық материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Айтпақшы, дәрігерлер алуға тиісті ақша ақыры төленді.

"Мекеме осы мекеменің қызметкерлеріне тиесілі үстемеақылардан негізсіз ұстаған. Зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ төлемдерден ұстауға болмайтын міндетті төлемдерді негізсіз ұстаған. Осы іс-шараларға қатыспағандарға да тиісті емес соманы төлеген", - деді Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ернат Байғалық.

Талқылау