"Үлкен баламның ипотекасын жабамын": Ақтөбелік тұрғын 62 миллион теңге джекпот ұтты
“Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының ақтөбелік қатысушысы бір күнде қомақты қаржы ұтып, миллионер атанды. Жұлдызы жанған Дәулет есімді азамат лотереяның тұрақты қатысушысы екен. 5 жылда бірде-бір тиражды қалт жібермеген ол 19 тамызда джекпот жеңіп, 62 миллион теңгеден аса қаржының иегері болды. Тіпті ұтысты қайда жұмсайтынын да шешіп қойған.
19 тамызда "5/36" тиражды лотереясында “Сәтті Жұлдыз” 62 786 600 теңге джекпоттың ұтысын өткізді. Жеңімпаз атанған Дәулет билетті 400 теңгеге сатып алып, барлық бес санды дәл тапқан. Үміті ақталған ол ұтыстан алған ақшасын отбасының игілігіне жаратпақ.
"Өзім жеке кәсіпкермін. Лотерея билеттерін күнде аламын, 5 жылдың ішінде 300 мың теңгедей жұмсадым. Кеше сәті түсіп, үлкен ұтысқа ие болдым. Отбасым, екі балам бар. Үлкен баламның ипотекасы бар, соны жабуға көмектесемін. Өзіміздің де несиелер бар, соларды төлеймін. Жақында көлігімде сатқан едім, өзіме көлік алуды жоспарлап отырмын", – дейді ол.
Лотереяның тұрақты қатысушысы джекпот жеңген күні тек бір билет алғанын айтады. Ал оған дейін бірнеше билет алып жүрген.
"Сол күні таңертең бір билет алып едім. Джекпот ұтқанымды бірден білген жоқпын. Немереммен далада жүргенде “Сәтті Жұлдыз” өкілі қоңырау шалды. Ұтыс көлемі 62 миллион екенін естіген соң, ұялы телефоннан ашып тексердім. Сосын жұбайым мен баламды шақырдым. Сәттілік болса, бәрі болады деп ойлаймын", – деп қосты ұтыс иесі.
“Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының Ақтөбе қаласы бойынша менеджері Любовь Лим аталған ұтыстың 2025 жылдың ең қомақтысы екенін атап өтті.
"Бұл соңғы уақытта болған ең үлкен ұтыстардың бірі. Бұған дейін ақтөбелік бойжеткен 10 миллион теңге жеңген еді. Ал “Сәтті Жұлдыз” өзге қатысушыларына айтарым: қатысыңыз да, ұтыңыз. Сондай-ақ өз бағыңызға сеніңіз, себебі күтпеген кезде бағыңыз жануы мүмкін", – деді Любовь Лим.
“Сәтті Жұлдыз” лотереяларына арнайы сауда нүктелерінде немесе онлайн да қатысуға болады. Мәселен, осы жексенбіде "TeleBingo-да"пәтер ұтып алуға мүмкіндік болады. Сондай-ақ осы аптада билет сатып алған тұрғындар 617 миллион теңгеден астам қаражат жиналған джекпот ұтысына қатысып, бақ сынай алады. Бұдан бөлек “LOTO 6/49”тиражды лотереясына қатысқандар кроссовердің ұтысына қатысады.
"Сәтті Жұлдыз" АҚ президенті Мария Лыткина компания қатысушыларын ірі жүлделермен қуанта беретінін атап өтті.
"Жеңімпаздарымыздың оқиғалары әрбір адамның жолы болуы мүмкін екенін дәлелдейді. Биыл мамыр айында Қазақстан тарихындағы ең ірі жүлде – 289 миллион теңгеден астам ұтыс ойнатылды. Біз қатысушыларымыздың ірі жүлделер ұтып жатқанын қуана бақылап отырмыз және қазақстандықтарды жаңа мүмкіндіктермен қуанта береміз", – деді Лыткина.
Жарнама құқығында

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
