Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

510 миллион теңге шығын: Астанада қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шықты

Астанада қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен және соның көмегімен алынған ақшаларды заңдастырғандар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық еткен адамға, сондай-ақ аса ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып қаржы пирамидасын құруға көмектескені үшін және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін тағы бір адамға қатысты үкім шығарды.

2021 жылдың қыркүйектен 2023 жылдың шілдесіне дейін сотталушы Б адамдармен алдын ала сөз байласып, М-мен қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен. М аса ірі мөлшерде қаражат жинауға көмектескен, соның салдарынан 59 жәбірленушіге жалпы сомасы 509 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Қаржы пирамидасының жұмыс істеуі бұрын ақша салған тұлғалардың пайдасына қолма-қол ақша берген немесе сотталушылар көрсеткен шоттарға аударымдар жасаған салымшылардың қаражатын қайта бөлу арқылы қамтамасыз етілген.

 Б 40 адамнан жалпы сомасы 715 млн 694 мың теңге тартқан, М 38 адамнан 284 млн 510 мың теңге қаражатты тартуға көмектескен. 

Сонымен қатар М қаржы пирамидасының қызметінен алынған ақшаны заңдастырып, пәтер және автотұрақ сатып алған.

Прокурор Б-ны 7 жыл, М-ны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

“Сот сотталушылардың жас балаларының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот азаматтардың ақшалай қаражатын және инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, Б-ға 6 жылға бас бостандығынан айыру, М-ға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген хабарламада.

Сот азаматтық талап қоюларды да қанағаттандырды.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік зиянның орнын толтыру ретінде жәбірленушілердің пайдасына беріле отырып, тәркіленді.

Талқылау