Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз Қытайдан тапсырыс берген әмияннан 32 500 теңге тауып алды

Әлеуметтік желі қолданушысы қытайлық Pinduoduo маркетплейсінен әмиянға тапсырыс беріп, олжалы болды. Әмияннан ақшаны қалай тауып алғанын ол желідегі парақшасында айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Атыраулық желі қолданушысы Pinduoduo-дан 900 теңгеге әмиян тапсырыс берген. Әмиян келген соң ішіндегі қағаздарын алып, орнына ақша салып жатқанда қалтасынан 500 юань тауып алған. Алайда ол табылған Қытай валютасының түпнұсқа немесе жалған екенін ажырата алмаған. Сөйтіп рас-өтірігін білу үшін валюта айырбастайтын пунктіге барған. 

@mokaqwerty #пиндуодуо #сюрпризвнутри #неожиданность #кудайбересалган #оригиналилифейк ♬ оригинальный звук - MokaQwErTy

Ол ақшаны ауыстырып жатқан сәтті видеоға түсіруге рұқсат сұрап, оқырманның өтінішімен видеоға түсірді.

Қыздың “Мұнда 500 юань. Өтірік не шын екенін қарап бересіз бе?” деген өтінішін жерге қалдырмай, ақша айырбастау пунктінің қызметкері ақшаның түпнұсқа екенін айтып, есептеп берді. Нәтижесінде 500 юань 32 500 теңгеге бағаланды.

“Достар, ақша шын болып шықты. Бірақ егер ақша жалған болған жағдайда полиция қызметкерлерін шақырамыз деп алдын ала ескертті. Қатысың болмаса да тергеу жүргізіледі екен. Бірақ ақша шын болып шықты. 65-тен теңгеден қабылдап жатыр. Мінекей, 32 500 теңге”, – дейді жолы болған қыз. 

@mokaqwerty Ответ пользователю @Халкым аман болсын ♬ оригинальный звук - MokaQwErTy

Желі қолданушылары ойа жоқта олжалы болған қызға қызығып, түрлі пікір қалдырды.

@mokaqwerty Ответ пользователю @Suzy.showroom ♬ оригинальный звук - MokaQwErTy

“Зауытта біреу ақшасын тығып, ұмытып кеткен ғой”, “Алла несібеңізді Қытайдан жіберіп тұр”, “Қашанғы қазақтар жем болып жүреді”, “Бәріміз әмиянға тапсырыс берейік”, “Жолың болды деген осы”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 05 Желтоқсан, 2024 17:27