500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды
ҰБТ тапсырған 85 мың оқушының 500-інің нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
"Тест тапсырмаларының базасы күн сайын жаңартылып отырады. 85 мың тест тапсырушының ішінен 500-ге жуық түлектің нәтижелері жойылды. Бұл бұрынғы көрсеткіштен бірнеше есе аз, бірақ бәрібір жақсы нәтиже емес. Сондықтан, түлектер өздеріңізді-өздеріңіз алдамаңыздар", - деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың 1 қыркүйекте мектепке баратын-бармайтынына жауап берген болатын.
"Мектепке қолында қаруы бар түлектің келуі - бұл өте үлкен мәселе" - Асхат Аймағамбетов
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді