"500 мың доллар кетті": Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға тәуелді болған кезін есіне алды
“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға тәуелді болғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/
Өнер иесі журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, қиын күндерді есіне алды.
“Бір жарым жылдың ішінде күл-талқаным шығып кетті. Өткенде отырып есептесем, 500 мың доллардай кетіп қалыпты. Оның ішіне бүкіл қарыз бен берген дүние-мүлкім бәрін қосыңыз. Ал мен өзім үйде 45 мың доллардай жинаған адаммын ғой. Құмар ойынның адамға тигізетін залалы көп. Қаншама адамдармен әңгімелестім. Бірі отбасынан айырылған, бірі кәсібін тастаған. Қолдағы барын бағаламаған. Солардың әңгімесі маған әсер етті”, – деді актер.
-
"Досым кешірім сұрады": Бағлан Әбдірайымов отбасын әйел басқаратынын айтты
-
"Мен көліктен, Ердос ұшақтан қорқады": Айдар Тұрғамбек ірі жол апатына қалай түскенін айтып берді
Әншінің айтуынша, ол өзін тоқтатудың түрлі жолдарын қарастырған, десек те бірден үзілді-кесілді бас тартпаған.
“Қонев қаласындағы тізіліп тұрған бүкіл ғимараттардың бәріне кіріп, әкімшіліктерін шақырып: "Маған келесі келген кезде кіре алмайтындай етіп есікті жабыңыздар", – деп өтініп, аралап шықтым. Бұл әрекетім арқылы олар есігін жапты ма, жоқ па, білмеймін, бірақ санамның есігін осы әрекеттіммен ақырындап жаптым. Кейін ақырындап өнеріме көңіл бөле бастадым. Өмірді жақсы көретін, кәсіппен айналысатын, үнемі оқып, білім іздейтін адамдардың ортасында жүруге талпындым", – деді Бағлан.
Еске салайық, "Еркекті құртатын – үйіндегі әйелі" деген Бағлан Әбдірайымов ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты айтып, басы дауға қалған еді.