Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 жыл бұрын әскерилер үшін жасалған дәрі COVID-19 қоздырғышын емдеуде тиімді екені белгілі болды

Ресейлік ғалымдар COVID-19 қоздырғышына қатысты "Мефлохин" препаратының вирусқа қарсы белсенділігін дәлелдеді. Бұл туралы Федералды медициналық-биологиялық агенттігі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"Мефлохиннің" SARS-CoV-2 (COVID-19 қоздырғышы)  вирусының цитопатикалық әсерін 1 литрге 2 микрограмм концентрациясында дамуын толық бұғаттағаны дәлелденді. Мұндай концентрация препараттағы адамның қан плазмасына қолдануға рұқсат етілген терапиялық дозада қабылдағаннан кейін қол жеткізіледі", - деп мәлімдеді агенттік басшысы Вероника Скворцова.

Оның айтуынша, препараттың клиникалық әсерлерін зерттеу үш ғылыми орталықта жүргізіледі.

"Мефлохинді" бір рет қабылдағаннан кейін тәулігіне 750 миллиграмм (250 миллиграмнан 3 таблетка) дозада қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы алғашқы тәулік ішінде бір литрге 1,51 микрограммға жетеді. "Мефлохинді" қабылдауды жалғастыру кезінде 500 миллиграммнан (250 миллиграмнан 2 таблетка) қан плазмасындағы концентрация артады және екінші-үшінші күні вирустың элиминациясын қамтамасыз ете отырып, бір литрге 2,7-3,8 микрограммға жетеді. Препаратты одан әрі 250 миллиграмм (тәулігіне 1 таблетка) дозада қабылдау емнің барлық курсы бойы (7 күн) және оны аяқтағаннан кейін бірнеше күн ішінде қажетті концентрацияны қолдауға мүмкіндік береді", - деді Скворцова.

"Мефлохин" (басқа атауы - "Лариам") - безгектің алдын алу немесе емдеу үшін қолданылатын дәрі. Препарат 1970-ші жылдардың басында АҚШ-та Уолтер Рид атындағы армиялық ғылыми-зерттеу институтында Вьетнамдағы соғыс аяқталғаннан кейін жасалған.

"Мефлохин" Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған негізгі дәрілік заттар тізіміне кіреді. БАҚ-тың хабарлауынша, препаратты Гуантанамо базасында қамаудағыларға тестілеу жүргізілді.

STAN.KZ
Сенбі, 11 Сәуір, 2020 18:15
Талқылау