50 жастағы қытайлық әйелдің дене сымбатты жұртты тамсандырды (фото)
Суреттегі әйелдің нақты жасын айта аласыз ба? Жұрт 22 жастағы ұлын оның жігіті екен деп ойлайды. Лю Елинь миллиондаған адамды өзінің сұлу келбетімен таңқалдырып жүр.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.
«Ол косметика қолданғанды ұната бермейді. Есесіне фитнеске жиі барады» дейді Лю Елиньнің танысы. Жеке танымайтын адамдар үнемі қасында жүретін ұлын оның жігіті екен деп ойлап қалады екен. Лю Елинь өзінің алғашқы жұмысын 1985 жылы 17 жасында алған. Кітапханашы арада көп уақыт өтсе де, өзінің сұлу қалпын сақтап қалған. Қытайлық әйелдің бетінде әжім жоқтың қасы.
«Адамдар жасымның 50-ге таяп қалғанын білген кезде қатты таңқалып жатады. Бейтаныс адамдар жастығымның құпиясын білу үшін түрлі сұрақ қояды. Менің ұраным – барлығы маңдай тердің арқасында келеді. Өзімді 15 жастағы қыздай сезінемін», – дейді Лю Елинь.
Жұрт әйелді Е Вэнь псевдонимі арқылы таниды. Ол Қытайдың Хэнань аймағында 1968 жылы дүниеге келген. Терісінің балғындығына қарамастан, Лю косметиканы сирек қолданатынын айтып жатыр. Есесіне фитнеспен тұрақты түрде айналысады екен.
«Күн сайын көлде жүземін. Тұрақты түрде жаттығулар жасаймын. Әсіресе, қыз мезгілінде суда жүзген ұнайды. Жұрт күрте киіп жүргенде, мен іш киіммен су астында жүремін. Осылайша өзімнің қаншалықты төзімді екенімді анықтаймын. Өзімді қинап жаттығу жасайтын кездерім болады», – дейді ол.
30 жыл бойы қыстай суда жүзген әйелге сәнбикелер де қызғанышпен қарайды. Ал Лю ханымның өзі күн сайын әлеуметтік желіде суретін ауыстырып, жұртты тамсандырады. Ол осылайша 75 000 адамның ғана емес, ТВ директорларының да назарын өзіне аудартқан.
Әйел Қытайдағы Янцзы өзенін жүзіп өткен екен. Мұнымен қатар, Оңтүстік Кореядағы патша өзенін бағындырған.
«Бұл – менің өмірімдегі ең үлкен жетістік. Өзен мен көлде жүзсем де, теңізде жүзіп көрген емеспін. Ащы судың дәмі жүзуге үлкен кедергі жасайды. Мен 80 жасымда да дәл осылай сұлу болып қалғым келеді. Салауатты өмір салтын қалай ұстанатыным туралы жиі айтып жүремін. Осылайша, барша әйелдерді сұлу болуға шақырғым келеді», – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
24 жастағы қазақстандық Швейцария университетінде сабақ беріп жүр
Атыраудан шыққан фотомодель фермерлікпен айналысуда
Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды
Спорт пен ақындықты қатар алып жүрген қазақ прокурор желіде көзге түсті