"5 жыл қатерлі ісікпен күресті": Танымал блогер анасының қазасын баяндап берді
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде ата-анасына пранк жасап, танымал болған блогер Нұргелді Кердеш анасының қазасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпшілік блогердің әкесі үнемі “Сәуле” деп айтатынын есіне алып жатыр.
"Өткен жұма күні анамыз бақилыққа аттанып кетті. Әлеуметтік желіде анамның дүниеден озу себебін сұрап жатыр. Бүгін осы видеоны арнайы түсіріп отырмын. Осыдан 5 жыл бұрын анамызға қатерлі ісік диагнозы қойылған. Осы 5 жыл бойы дертпен күресіп келдік. Шипасы болады деген емнің бәрін қолдандық. Шетелге де бардық. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ Алланың қалауымен анамыз бұл дертті жеңе алмады. Маған жазған хаттарыңыздың бәрін оқып отырмын. Анам үшін дұға жасап жатқандарыңызға алғысым шексіз. Сөз соңында жақындарыңызға жанашыр болыңыздар дегім келеді. Ата-аналарыңыздың жанында көбірек уақыт өткізіңіздер", – дейді блогер.
Блогердің отбасымен бұрыннан таныс оқырмандары Нұргелдіге көңіл айтты.
“Сырқатын білдірмей, көңілді отбасы бола білді”, “Ағамызға қиын болды-ау”, “Әкесі енді “Сәуле” деп шақырмайды”, “Жаным Сәуле тәте, иманды болсын”, “Жылап қалдым, отбасыңызды сыртынан бақылап отырғанды ұнататын едім”, “Иманы салауат болсын”, “Жатқан жері жайлы болсын”, “Арты қайырлы болсын”, – деп жазды оқырман қауым.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
