Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасында жоғалып кеткен балақай 25 жылдан соң өз анасын іздеп тапты (фото, видео)

Кейде адамдардың басынан өткен кей жағдайлар кинодан да бетер қызық өрбіп жатады. Сондай бір оқиғаны сіздерге ұсынсақ дейміз.

29353865-364189jpg-r_1280_720-f_jpg-q_x-xxyxx-1489393456-650-04778152df-1490946199

Фото: Aquarius Films

Бұл туралы matadornetwork.com хабарлайды.

Сару Бриерли 5 жасқа толған кезде ол басқа пойызға отырып, өзінің Калькуттадағы үйінен 1500 шақырым алысқа ұзап кетеді. Бала жол тауып өз үйіне қайтқысы келгенімен үлкен қалада оған көмек қолын созып, жол көрсетер ешкім табылмайды.

Сару біраз уақыт көшеде түнеп, сосын жергілікті бала асырап алу агенттігі оған Австралиядан жаңа отбасын тауып береді. Ол отбасы Саруды отаны Үндістаннан алып кетеді. Бала ағылшын тілін үйреніп, асырап алған ата-анасының қасында ержетеді. Бірақ, ешқашан да өз отбасына қайта оралсам деген үмітін үзбейді.

25 жылдан соң Сару Google Earth сервисі туралы естіп, ол арқылы өз үйін іздей бастайды. Ол қаласының атын да, Калькуттаға қай пойызбен келгенін де білмеді. Бірақ, климаты жылы аймақта өсіп, бала кезде хинди тілінде ғана сөйлегенін білді. Және көп адам Саруға Шығыс Үндістан тұрғынына қатты ұқсайтынын айтатын.

29353915-lion_2016_-_webleveled_-_courtesy_of_the_weinstein_company-1489395518-650-04778152df-1490946199

Фото: Aquarius Films

Ол спутниктік фотографиялар арқылы өз үйін де тауып алады. Ақырында ол өз анасымен де кездеседі.

slide_231718_1078520_free-e1433213904381

Фото: saroobrierley.com

Ер адам өзінің өмірі туралы осынау ғажайып оқиғаны “Үйіме дейінгі ұзақ жол” атты кітабында баяндайды.

8887

Және ол туралы 2017 жылы “Оскар” сыйлығының 6 аталымында жеңген “Лев” фильмі түсірілген.

Оқи отырыңыз:

Қыз зорлаған жігіт жыныстық ләззат ала алмағаны үшін ақталып шықты

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз

Талқылау