Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 метр терең бассейнге өткізіп жіберген": Атырауда 10 жасар қыз суға батып қаза тапты

Атырауда сот “Мұнайшы" спорт кешенінде қызметкер 10 жасар қызды 5,5 метр тереңдіктегі ересектерге арналған бассейнге кіргізіп жіберген. Салдарынан қауіпті тереңдіктен қыз көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қалалық соттың мәліметінше, оқиға осы жылдың жазында болған. 10 жасар қыз "Мұнайшы" орталық бассейніне батып кетті. Сот іс жүргізу аясында баланың абайсызда өлімге ұшырауына кінәлі адамға үкім шығарды. Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3-бөлігі - "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бойынша қаралды.

"Мұнайшы" спорт кешенінің қызметкері өзіне жүктелген қауіпсіздік міндеттерін сақтамады. 10 жасар қызды 5,5 метр тереңдіктегі қауіпті терең ересектерге арналған бассейн залына жіберген. Жүзе алмағандықтан, қыз бассейнге батып кетті. Құтқарушының абайсыздығы және оның шұғыл көмек көрсету жөніндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамауы абайсызда қыздың өліміне әкеп соқтырды", - делінген Атырау қаласы сотының шешімінде.

Прокурор мен сотталушы арасында кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімі жасалғаны хабарланды. Жәбірленуші тарап келісімнің шарттарымен келісті.



"Үкім барлық жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, келісу ісінің шеңберінде шығарылды. Сотталушы қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты түрде тағайындалды", - деп хабарлады Атырау қаласының № 2 соты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау